Есте қалған бейнелер
Итало Кальвино, Ғайып қалалар
«Мен әр қаланы сипаттаған сайын, Венеция жайлы айтпай кетпейтінмін».
«Есте қалған бейнелер» стеласы неміс тіліндегі Heim- und Fernweh – үйге сағыныш және саяхатты аңсау тақырыптарына арналған
Жоба Қазақстан мен Италияның ежелден келе жатқан мәдени байланысы және шынайы достығына арналған, Марко Полоның (1324−2024) өмірден өткеніне 700 жыл толуы құрметіне, және де 2024 жылдың Замануи өнер маусымдары күніне орай жасалды.

Марко Поло, тоғыз жолдың торабы -Ұлы Жібек Жолының символына айналған жерлерде жүргенімен, сыртқы әлемнің ұлылығына қанша қайран қалса да, бәрібір жүрегінің түкпірінде, өзі үшін бәрінен де қымбат қала- Венецияға қайта орала берді. Венецияның бәріне белгілі доғалы терезелері-ақ шығарманың сәнін келтірген болатын. Поло сияқты мыңдаған жиһанкез, зерттеушілер мен мигранттар туған жерін, отаны жайлы естеліктерді санасынан өшіріп алмас үшін көз алдына елестетіп, ұмыт болып бара жатқан естеліктерді жадында қайта жаңғыртуға тырысады. Тарихи венециялық смальтада түрлі түсті алтынмен аптап, мозаикадан жасалған алтын дисктегі глитч әсері жадымызда өткен шақтағы әлемді ығыстырып, жаңа сезімдерге кеңістік босатып бергендей болады.
Туынды дуализмді білдіреді: бір жағынан, шекара асып, төлқұжатқа әлемнің мөрлерін жинап, шетсіз- шексіз жерлер мен теңіздерге саяхатқа аттануға деген құмарлық бейнеленсе, Екінші жағынан, мәрмәр үгінділері мен терракотада жасалған Солтүстік Италияның дәстүрлі еден қаптағышы саналатын, бәріне terrazzo alla veneziana танымал венецияндық терраццо— табан астында туған жеріңді сезу қажеттілігіңді көрсетеді.
Мүсін, сонымен қатар, Еуропа мен шалғайдағы Қытай секілді елдермен қарым қатынастың тарихынан сыр шертеді. Суретші туындысында 1674 жылғы иезуит Фердинанд Вербиестің Қытайға сапары кезінде жасалған «Кунью куанту» әлем картасын қайта жасап шығарғандай болады. Карта алғашқы қытай картасын еуропалық стильде жасаған итальяндық миссионер Маттео Риччидің жұмысын жалғастырады.
43.263758° 76.939586
Казақстан, Алматы қ., Мақатаев көшесі, 53
Вера — Италиядағы атақты Спилимберго мозаика мектебінде білім алған дизайнер және мозаика шебері
Ол сонымен қатар венециандық терраццо мозаикалық инкрустриция жасайтын компаниялармен тығыз қарым -қатынаста. 2022 жылы оны вазасы алғашқы рет Флоренцияда өткен Artigianato e Palazzo көрмесінде қойылды. Осы жылы ол Италиядағы ЮНИСЕф үшін кқше жиһазын жасап шығарды.
Оның мозаикалық мүсіндерін Апулияда тамашалуға болады. Солардің біріне Apulia Land Art Festival фестивалінде шақырылған қонақ ретінде көрсеткен туындысы кіреді. Вера өзінің жұмыстарында уақыт, жады және сезім тақырыптарын зерттейді.
Вера 2020 жылы әйел өнері мен дизайны көрмесі аясында өткізілген миландық Superstudio+ галереясында Паола Навоне және Елена Сальмистраромен қатар туындыларын жұртшылық назарына ұсынған болатын. Бұл көрменің кураторы, галереяның негізін қалаушы Жизелла Бориоли болды.
FIANDRE - техникалық демеуші
Туынды Италиядағы Fiandre компаниясының керамогранит тақташаларын қолдану арқылы жасалды. Сондай- ақ, жаппай өндіру технологиясы және DYS Design Your Slabs жекешеленген замануи технологиясы арқылы өндірілген Veneziano ||керамикалық материалдары қолданылды.
Екіжақты стела Fiandre компаниясының жоғары сапалы және экологиялық таза керамикалық материалдарынан жасалған. Мүсіннің керамограниттен тұратын жиектері венециялық терраццодан шабыт ала отырып, заманауи өндіріс үдерісі мен ең үздік шикізат өнімдерінің үйлесім табуы арқасында сәтті жасалды. Аталған көркем туынды алыс жолдарға аттанған саяхатшының үйге, туған жерге деген кеудені кернеген сағынышын бейнелейді. Бұл тақырып адамның бір уақытта ел көріп,жер көруге деген алып-ұшқан көңілі мен туған жерге деген мәңгілік сағынышының қалай арпалысатынын сипаттайды. Суретші Вера Беликованы өзектілігін жоғалтпайтын, мұндай ерекше әрі бір емес бірнеше мағынаға толы туындыны жасап шығаруға шабыттандырған Итало Кальвиноның қиялынан туған «Ғайып қалаларындағы» Марко Поло мен Ұлы хан арасындағы диалог болатын.
Жобаның жасалуы жайлы
Эдоардо Кризафулли,
Қазақстандағы Италия елшілігінің мәдениет атташесі, Алматыдағы Италия Мәдениет институтының директоры
Бұл қайталанбас өнер туындысы Спилимберго өнер мектебінің түлегі, суретші, мозаика шебері Вера Беликованың жеке шығармашылығынан алынған. Алматыдағы Итальяндық Мәдениет Институты мен Fiandre компаниясы арасындағы шығармашылық серіктестіктің нәтижесінде «Есте қалған бейнелер» стеласына демеушілік көрсетілді. Аталған туынды AMACI – Итальяндық заманауи музейлер Ассоциациясы ұйымдастырған 2024 жылғы Заманауи өнер маусымдары аясында, стратегиялық маңызы бар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Алматы қаласына арналып, Сыртқы істер Министрлігінің мәдени дипломатия жөніндегі бас басқармасының көмегімен жүзеге асты. Ерекше туынды саяхат туралы Il Milione аталатын алғашқы еуропалық құжаттың авторы, әлемдегі ең әйгілі итальяндық саяхатшы Марко Полоға арналған. Ол өз шығармаларында Батыс Еуропа халықтарын алыс аймақтардағы өркениеттер туралы сөз қозғағанда аңыздарға сүйеніп емес, ақиқатқа негізделген ақпаратқа сүйенуге, оларға құрмет көрсетуге шақыратын. Сонымен қатар, Марко Поло өз жазбаларында бұл елдердің ерекшеліктерін айқындап, оқырманның қызығушылығын оятқанын да анық байқауға болатын еді.
«Әлемнің әртүрлілігі туралы кітап». Марко Поло мен туысы Никколоның Хубилайға сапары
Жобаға қолдау көрсеткені үшін алғыс
GRANITI FIANDRE SPA техникалық демеуші
Алматыдағы Итальяндық Мәдениет Институты
Қазақстандағы Италия Елшілігі